ҰБТ-ді қайта тапсыру биыл әлеуметтік күйзелуді басуға мүмкінді береді – ҚР БҒМ

Қазақстанда колледждер түлектеріне ҰБТ-ді қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

«ҰБТ-ді биыл 2 мәрте тапсыруға болады. Ешбір мемлекетте осындай жоғары әлеуметтік бағаға ие емтихан жоқ. Сондықтан, ҰБТ-ді қайта тапсыру бізге әлемуеттік күйзелісті басуға мүмкіндік береді. Бұл - біріншіден. Екіншіден, колледждер түлектері де ҰБТ-ді қайта тапсыра алады. Бізде оны шілде-тамызда тапсырады, енді біз оларға оны келесі жылдың қаңтарында - 2017 жылы қайта тапсыруға мүмкіндік береміз», - деді ол «2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» атты ОКҚ баспасөз конференциясында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Сонымен бірге, министр түсіндіріп өткендей, колледж түлегі шартты түрде жоғары оқу орнына қабылдануға құқылы.

«Қазір біз осындай ережелерді дайындап жатырмыз, және ЖОО аясында қаңтарға арналған кешенді тестілеу әзірленуде. Егер ол осы кешенді тестілеуден өтсе, сәйкесінше оның қыркүйектен бастап қаңтарға дейін өткен кредиттері, оған есептеліп, былайша айтқанда ол бірінші курстың ортасына түседі, және мұны біз әділетті деп есептейміз», - деп нақтылады ведомство басшысы.

Е.Сағадиев сондай-ақ келесі жылдан бастап ҰБТ-ді екіге бөлу жоспарланғанын айтты.

«Мектеп бітіру емтихандары мектепке оралады, ал ҰБТ SIT (интеграциялық тесттер (System Integration Test) қарай ауысады. Бұл әділетті, себебі ЖОО-дары түлектің интелелктуалды деңгейі мен ЖОО бағдарламасын меңгеру әлеуетін білуі қажет. Ал SIT – мұны анықтай алады. Сол себепті біз ҰБТ-дің жаңа бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Оны енгізген соң барлығы, олимпиада жүлдегерлері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері - бәрі осы емтиханды тапсырады. Алғаш рет оны тегін тапсыру жоспарлануда. Сосын оны бірнеше ерт қайта тапсыруға болады. Кезең-кезеңмен ЭЫДҰ стандарттарына көшеміз. Мұны келесі жылдан бастап енгіземіз», - деп мәлімдеді ҚР БҒМ басшысы.

Фото:mazhab.kz

Следите за новостями zakon.kz в: