Н.Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына дейін барлық жолдарды жөнге келтіруді тапсырды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 100-ден астам шара өтеді деп жоспарланған.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына дейін көшелерді тазартып, барлық жолдарды жөнге келтіруді тапсырды. Бұл туралы ол Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл - біздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, барлығымыз бұны жай ғана кезекті шара емес, үлкен мейрам ретінде атап өтейікші: әр ауылда, қалада, көшелерді тазартып, жолдарды жөнге келтірейік, балабақшаларға, мектептерге көмектесіп, әр адам бұл мейрамды сезінетіндей өткізейік. Бұл соған лайық істер», - деді Н.Назарбаев.

Бұның алдында хабарланғанындай, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 100-ден астам шара өтеді деп жоспарланған.

Жасұлан Жолдыбаев

Фото:azh.kz

Следите за новостями zakon.kz в: