"Даму" қорының бұрынғы басшысы Мольдинов Қазақстанға қайтарылады

6 жыл бойы ол мемлекеттен тыс аймақта болған, нақтырақ айтқанда, ол Башқұртстандағы таныстарында жасырынып, кездейсоқ табыс көзімен күн көріп жүрген.

Алаяқтық жасады деген күдікті "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" Акционерлік қоғамының бұрынғы жетекшісі Бауыржан Мольдинов Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары АА, ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" Акционерлік қоғамының (бүгінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ) бұрынғы жетекшісі, алаяқтықтың алты дерегі бойынша күдікті Бауыржан Мольдиновты ұстап беру жөнінде жасаған өтінішін қанағаттандырды", — делінген хабарламада.

Ол басқа да қызметкерлермен бірігіп 2006-2007 жылдар аралығында жалған жолмен Қордан 60 млн-ға жуық (59.330.000 тг.) ақшалай қаражатты ұрлаған.

2010-2011 жылдары осы іс бойынша оның барлық сыбайластары алаяқтық үшін сотталған, ал Бауыржан Мольдинов тергеуден жасырынып қалған.

6 жыл бойы ол мемлекеттен тыс аймақта болған, нақтырақ айтқанда, ол Башқұртстандағы таныстарында жасырынып, кездейсоқ табыс көзімен күн көріп жүрген.

Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының өзара ынтымақтастығының арқасында Мольдинов Уфа қаласында ұсталды.

ҚР Бас прокуратурасы ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне күдіктіні Ресей Федерациясының құзырлы органдарынан қабылдап алуға тапсырма берді.

Фото:www.livekuban.ru

Следите за новостями zakon.kz в: