Қазақстанда əрбір төртінші адам қауіпті əрі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін VI қазақстандық халықаралық конференция ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мəлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Ресми деректерге сәйкес, 367 мың адам зиянды жағдайда жұмыс істейді. Қазақстанда əрбір төртінші адам қауіпті əрі зиянды еңбек жағдайында еңбек етеді. Өткен жылдың қорытындысында 675 адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін еңбек демалысы, үстемақы, қысқартыл ған жұмыс күні түрінде өтемақы алды. Бұл мақсаттарға жұмыс берушілер 103,5 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық», - деді министр.
Министрдің айтуынша, соңғы он жылда елімізде өндірістік жарақат екі есеге қысқарып отыр. Дегенмен, бұған қарамастан республика бойынша жыл сайын екі мың адам өндірістік жарақат алса, оның үш жүзге жуығы көз жұмады.
Марлан Жиембай
Фото:www.matritca.kz