Көлік полицейлері Петропавлдың темір жол вокзалында нашақор азаматты ұстады

Аталған факт ҚР ҚК 380 бабы (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

26 сәуір күні сағат 21.45-те Петропавловск ст. темір жол вокзалындағы Желілік полиция бөліміне жеткізілген Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны полиция қызметкеріне қарсы күш қолдануы салдарынан Петропавловск ст. ІІЖб криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі мұрнынан жарақат алды, деп хабарлайды zakon.kz, Көліктегі ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталған азамат есірткі қолданған болып шықты, яғни, синтетикалық каннабиноид (спайс) және опиоид (зертханалық расталуына сәйкес) қолдану фактісі бар.

Аталған факт ҚР ҚК 380 бабы (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Ұсталған азамат қазір Петропавловск қ. ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру - екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Следите за новостями zakon.kz в: