Павлодар ауданында полицияның көмекшісі 60 мың теңге пара алып жатқан сәтінде ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлағандай, тәртіп сақшысы шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтан бақылау ісін қысқарту үшін ақша бопсалаған.

Павлодар аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторының көмекшісі 60 мың теңге көлемінде пара алып жатқан сәтінде ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлағандай, тәртіп сақшысы шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтан бақылау ісін қысқарту үшін ақша бопсалаған. Басында сотқа дейінгі тергеу «Пара алу» бабы бойынша жүргізіліп, кейін «Алаяқтық» бабына ауыстырылды. Бұл ретте, учаскелік инспектордың көмекшісіне ақша төлеген ер адам бұл "қызметтің" ендігі қажет еместігін білмеген. Себебі іс онсыз да қысқартылған.

-Қызметтік тергеу нәтижесінде полицей құқық қорғау органдарынан қызметтің беделін түсіргені үшін жұмыстан босатылған. Сонымен қатар, оның тікелей басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тірек пунктінің аға учаскелік инспекторына қатаң сөгіс жарияланды. Павлодар аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысына қызметтік лауазымына лайықты болмауына байланысты орнын босату ұсынылды. Алайда ол өз еркімен жұмыстан кетті, - деп жазылған облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фото:pavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: