Павлодарлық жас ақын Қостанайда өткен айтыста бірінші орынға ие болды

Қазіргі таңда Қайролла Хафиз Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің екінші курс студенті.

Павлодарлық Қайролла Хафиз Қостанай облысында "Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте!" тақырыбында өткен айтыста бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл жас ақынның алғашқы жеңісі емес. Осыған дейін ол Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орайластырған, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 120 жылдық мерейтойына арналған ақындар айтысында жүлдеге ие болған.

- «Мирас» мәдениет үйінде ұйымдастырылған жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен сегіз ақын қатысты. Мұндағы айтыстың ерекше тұсы – қайымдасу болды. Яғни, айтыстың бір шумақ өлеңмен қайырып отыратын шағын түрі ұсынылды. Алғашқы айналымда қостанайлық Нәрия Ақбабамен, екінші айналымда арқалықтық Ғабит Ырысбаймен айтыстым. Жалпы, жыр жарысына ұстазым Асхат Тұрғанбек әкелген. Бүгінде Айбек Қалиевтен тәлім алудамын, - деді жас ақын.

Қазіргі таңда Қайролла Хафиз Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің екінші курс студенті.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:pavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: