Дели-Алматы рейсімен келген жолаушыдан оба дерті анықталды

Ұшақта аса қауіпті жұқпалы дертті жұқтырған жолаушыны дер кезінде оқшаулап, аурудың алдын алуға арналған шара Алматыда өтті.

Дели-Алматы халықаралық рейсімен келген жолаушылар арасында оба дертін жұқтырған азамат бар деген ақпарат түсті. Бұл жұқпалы ішек ауруы тез тарайды әрі дұрыс ем қабылдамаған жағдайда соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Ұшақта аса қауіпті жұқпалы дертті жұқтырған жолаушыны дер кезінде оқшаулап, аурудың алдын алуға арналған шара Алматыда өтті. Оқу-жаттығу жұмыстарына қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, жедел жәрдем және дезинфекциялық станцияның мамандары қатысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 200 миллион адам оба дертін жұқтырады. Ал жыл сайын шет мемлекеттерге бірнеше жаңа рейстер ашатын Алматы халықаралық әуежайы үшін мұндай оқу жаттығу шаралары ауадай қажет дейді ұйымдастырушылар.

Саят Қауметбаев, қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы:

- Ұшақпен келген ауруды бірінші мақсатымыз – оқшауландыру, ұшып келген ұшақты дезинфекциялау және де қарым-қатынаста болған адамдарды оқшауландырып, қалалық 4 аурухананың базасына жатқызу. Жоғары деңгейде жаттығулар өтіп жатыр.

Фото:24.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: