Қазақстандық бітімгерші әскери қызметшілер Кот-д'Ивуардағы БҰҰ-ның миссиясынан оралды

Олар қол жеткізілген бейбіт уағдаластықтың сақталуын қадағалайды. Бұл саны бойынша әскери қызметшілердің шағын контингенті. Бұл ретте олар бүкіл әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сүбелі үлес қосып жүр.

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері майор Ақылбай Құсайынов пен капитан Рустем Сүлейменов бір жыл бойы әскери бақылаушылар ретінде болған Кот-д'Ивуардан оралды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

2010-2011 жылдары Кот-д'Ивуарда шиеленіскен саяси дағдарыс орын алған болатын. Президенттік сайлаудан кейін БҰҰ және әлемдік қоғамдастық қана жаңа мемлекет басшысын мойындады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесімен аталған мәселені шешу үшін БҰҰ-ның бөлімшелерін енгізу жөнінде шешім қабылданды.

«БҰҰ миссиясында әскери қадағалаушының негізгі міндеті – ол үкімет пен БҰҰ арасында жасалған мандат пен БҰҰ талаптарының, келісімнің орындалуы мониторингісін жасау. Сондай-ақ әскери бөлімдерді тексердік, бақылау, патрульдеу, миссияны өткізу кезінде әуеден патрульдеуді жүргіздік, БҰҰ миссиясын орындап жүрген офицерлердің арасынла қазақстандық сардарлар мен офицерлеріміздің дайындығы жақсы деңгейде бағалануда», - деді майор Ақылбай Құсайынов. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларында әскери бақылаушылар ретінде алты қазақстандық офицер қызмет өткеріп жатқанын айта кеткен жөн. Бесеуі – Батыс Сахарада (MINURSO) және бір офицер - Кот-д Ивуарда (UNOCI).

«Ең бастысы – бұл алаламаушылық. Әскери бақылаушы әскери киім нысанында азаматтық болып саналады. Біз азаматтық адамдарға жұмыс жасаймыз. Осыған байланысты, қолымызға қару ала алмаймыз. Қажеттілік болған жағдайда әскери бақылаушы өзі шешім қабылдауы тиіс. Яғни, өзімен бірге күзет алып жүру немесе алмай, жағдайды бағалау», - деп майор Ақылбай Құсайынов атап өтті.

Бітімгершілік операцияларда әскери бақылаушылар БҰҰ-ның персоналы болып табылады және жанжалдасушы тараптардың бірде-бірін қолдамай бейтараптылық қағидатын ұстанады. Олар қол жеткізілген бейбіт уағдаластықтың сақталуын қадағалайды. Бұл саны бойынша әскери қызметшілердің шағын контингенті. Бұл ретте олар бүкіл әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сүбелі үлес қосып жүр.

Фото:www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: