Із-түзсіз жоғалып кеткен Бөген ауылының тұрғынының өлі денесі Қызылжар ауылындағы каналдан табылды. 30 жастағы I топ мүгедегін іздестіру үшін 73 адам, 3 техника, 2 қайық жұмылдырылған, деп жазады otyrar.kz.
Сүңгуірлер Түркістан магистральды каналын сүзіп шығады. Алайда нәтиже болмаған. Оның үстіне ауылдастарының сөзіне сеніп, іздеу жұмыстары тоқтатылған. Олардың айтуынша, жоғалған азаматты көрген. Алайда араға тәулік салып, марқұмның мәйіті табылды. Туыстары оның бауырларының денесі екенін растады.
Фото: otyrar.kz.