Шетелдік өнімдер отандық өндірушілерге тең жағдайда бәсекелесуге мүмкіндік бермейді

2015 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 167 млрд теңгені құрады.

Импорттық өндірістегі бұрмаланған ауыл шаруашылығы өнімдері табиғи өнім шығаратын қазақстандық өндірушілерге тең жағдайда бәскелесуге мүмкіндік бермейді, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Қазақстанның ашық шекаралар жағдайында, ЕАЭО және ДСҰ аясында жұмыс жасауындағы барлық артықшылықтарға қарамастан біз шетелдік контрафактілі немесе бұрмаланған өнімнің болуы сияқты жағымсыз сәттерге куә болып отырмыз. Бұл өзіміздің табиғи өнім шығаратын өндірушілерге тең жағдайда бәсекелесуге мүмкіндік бермейді», - деді А.Мамытбеков ҚР Парламенті Сенатындағы «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – заңнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдалымда.

Ол сондай-ақ аграрлық сектордағы тағы бір шешілмеген мәселелердің бірі «Агробизнес-2020» бағдарламасының құралдарын жеткіліксіз қаржыландыру екенін айтып өтті.

«Экономиканың аграрлық секторында шешілмеген проблемалар әлі де аз емес. Оның бәсекеге қабілеттілік деңгейі уақыт талаптарына толықтай сәйкес келе бермейді. Қалыптасып отырған жағдай себептерінің бірі «Агробизнес-2020» бағдарламасының құралдарын жеткіліксіз қаржыландыру болып табылады. Сонымен, жеткілікті қаржыландырмау көлемі тек 2016 жылдың өзінде 127 млрд теңгені немесе жоспарланған көлемнің 36,6% құрайды. Сондықтан, бұл мәселеде бізге қолдау қажет», - деді АШМ басшысы.

Нәтижесінде, ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі салыстырмалы түрде төмен болып отыр. Мәселен, 2015 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 167 млрд теңгені құрады. Бұл өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемінен 23 есеге және көлік пен қоймалауға салынған инвестициялардан 7 есеге төмен.

Фото:today.kz

Следите за новостями zakon.kz в: