Жаңа Жер кодексі ҚР-да ауыл шаруашылығын дамытуға зор серпін береді - Р.Дауталинов

ҰЭМ өкілінің мәліметінше, 2012-2014 жылдары жүргізілген инвентаризация қорытындысы бойынша Қазақстанда пайдаланылмайтын 7,4 млн жуық га анықталған.

Жаңа Жер кодексі Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытуға зор серпін береді, деген пікір білдірді бүгін «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекешелендіру: ерекшеліктері және түсіндіру проблемалары» атты дөңгелек үстелде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, ТКШ және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы Руслан Дауталинов. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Әкімдіктер жүргізілген жұмыс аясында 1 шілдеден бастап 1,7 млн га жерді экономикалық айналымға тарту үшін сатуға қоюды жоспарлап отыр. Жерде жұмыс жасап жатқан жер пайдаланушылары үшін жерді 10 жылға бөліп төлеуге және кадастрлық құнының 50%-ын төлеуге мүмкіндік беріледі. Бұл ауыл шаруашылығы аумақтары мен жалпы ауыл шаруашылығын дамытуға зор серпін береді деп ойлаймын», - деді Р.Дауталинов.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 99,5 млн га жер пайдалануда екенін айтып өтті. Олардың 68 мың га жайылымдар алса, егістік жерлерді - 24,2 млн га, сондай-ақ шабындықтар және басқа да жерлер алып жатыр.

ҰЭМ өкілінің мәліметінше, 2012-2014 жылдары жүргізілген инвентаризация қорытындысы бойынша Қазақстанда пайдаланылмайтын 7,4 млн жуық га анықталған.

«Жергілікті атқарушы органдар олар бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл ең алдымен ескерту шаралары, яғни ескерту арқылы шаруаларды әрі қарай жұмыс істеуге ынталандырады», - деп түсіндірді ол.

Басқарма басшысы айтып өткендей, пайдаланбаған жағдайда жер телімдері жерде жұмыс жасауға ниет білдіретін тұлғаларға беру үшін мемлекеттік қорға қайтарылады.

Фото:egov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: