Алматының төңірегінде орналасқан көлдердегі судың деңгейі бақылануда

Селден қорғау мекемесінің мамандары Алматы төңірегінде орналасқан көлдердегі су деңгейін тәулік бойында бақылауда.

Селден қауіптену кезеңі Алматыда былтырғыға қарағанда бір ай ерте басталады. Бұл туралы «Қазселденқорғау» мемлекеттік басқармасының жетекшісі Тоқтар Баймолдаев хабарлады, деп жазады Алматы телеарнасы.

Оның айтуынша, дәл қазір ауыр топырақты массаның қарқынды қордалануы байқалмайды. Алайда, мамандар 15 мамырдан бастап сел қаупі күшейе түсетінін болжап отыр. «Әдетте, селден қауіптену кезеңі 15-маусымнан басталатын. Биыл мұздықтар мамыр ортасынан бастап ери бастауы мүмкін» - дейді, Тоқтар Баймолдаев.

Осыған орай, селден қорғау мекемесінің мамандары Алматы төңірегінде орналасқан көлдердегі су деңгейін тәулік бойында бақылауда. Бұған дейін Алматы маңында селден қорғайтын төрт бөгет салу жоспарланып отырғаны хабарланған. Еске салайық, былтыр шілдеде Наурызбай ауданында Қарғалы өзені бойымен сел жүріп, өзенге жақын маңнан үш жүзге жуық адам эвакуацияланды. Сол кезде қаланы Қарғалы өзенінде салынған бөгет селден қорғағаны айтылды.

Фото:rybalka-sks.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: