ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері оқушыларға жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерін көрсетті

Балалар алғаш рет әскери қызметшілерге арналған киімдердің бірнеше үлгілерін, «Кобра» броньдалған дөңгелекті машинасын көрді.

ҚР Қарулы Күштерінде Отан қорғаушылар күні қарсаңында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 41433 әскери бөлімінің базасында ашық есік күні өтті. Бұл туралы , ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Әскери бөлімде заманауи армияның қауқары мен қуаттылығын көрсететін мерекелік көңіл-күй орнатуға тырысты. 200-ге жуық мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін техника мен қару-жарақтың түрлерін көрсетті. Жауынгерлер АРД кедергілер жолағынан қалай өту керек екендігін, сондай-ақ қоян-қолтық ұрыс көрсетті. Спорт қалашығының аумағында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер белтемірде тартылу және қоссырықтарда қолды бүгу және жазуды көрсетті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері оқушыларды жауынгерлік және спорттық даярлықтағы жетістіктерімен таңғалдырып қана қойған жоқ. Балалар алғаш рет әскери қызметшілерге арналған киімдердің бірнеше үлгілерін, лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларда қолданылатын қысқы киім нысаны, бүркемелеу халаттары, арнайы киім үлгісі, сондай-ақ техниканы, яғни, «Кобра» броньдалған дөңгелекті машинасын көрді.

Оқушылардың айтуынша, олар әскери қызметшілердің сабақтары қалай өтетінін өз көздерімен көргілері келіп, қызығушылық білдірді. Себебі, біршама бозбалаларға әскери өмірдің не екенін танып білуге тура келеді. «Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күні алдында біз армияның тыныс-тіршілігіне білек сыбана кірісіп кетеміз. Армиядағы қызметтің қалай өтіп жатқанын көреміз, ардагерлерімізді құттықтап, алғыс білдіреміз», - деп жеткіншектер атап өтті.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР Қарулы Күштерінде көптеген іс-шаралар өтетінін естеріңізге сала кетейік. Мерекелік концерттер, құттықтаулар және ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттау, спорттық сайыстар.


Следите за новостями zakon.kz в: