Алматы ТЖД Шымбұлақтағы лай көшкіні неден туындағанын түсіндірді

Алматы ТЖД Шымбұлақтағы лай көшкіні туралы түсініктеме берді.

Төтенше жағдай туралы бейнежазба бүгін әлеуметтік желіде таралған болатын (бейнежазба 30-сәуірде түсірілген), деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД басшысының орынбасары Нұрлан Мадияровтың айтуынша, лай көшкіні құбырдың бітелуінен орын алған.

«Медеуде нөсер суы ағатын арық өте сапалы жасалған. Суағардың бір құбырының бітелуі салдарынан су мен лай массасы жолдың бойына жайылып кеткен», - деді Н.Мадияров.

Нұрлан Мадияров аталған апаттың қайта қалпына келтірілгенін жеткізді.

Айта кету керек, жақында толассыз жауған нөсердің салдарынан Қарғалы өзені арнасынан шығып, қаладағы екі ауданды су басу қаупі туындаған болатын.

Айбота Жаппарберген

Фото:inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в: