Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісім аясында (16.03.2009ж.) БАӘ-нің құзырлы органдары Алматы қаласының ІІД іздеу жариялаған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Айта кетейік, 28 жастағы Николай Капустянский 2013 жылы алаяқтық жолмен коммерциялық мекеменің 5 миллионға жуық сомадағы ақшалай қаражатын иемденіп, жасырынған. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Н.Капустянскийді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады. Қазіргі уақытта Н.Капустянский Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
Фото: izhlife.ru