Павлодарлық боксшы Аятолла Тәкежанов корейлік қарсыласын ойсырата ұтты

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Ғалым Кенжебаевтың айтуынша, кеше «Астана» мұз сарайында 20 жекпе-жек өткен.

Павлодарда бокстан өтіп жатқан Азия Чемпионатында 64 келіде өнер көрсететін қазақстандық Аятолла Тәкежанов корейлік боксшы Джеонг Вуджинды ұтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Естеріңізге сала кетсек, 18 елдің 115 боксшысын жинаған Азия Чемпионаты екінші мамыр күні бастау алған болатын. Бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Ғалым Кенжебаевтың айтуынша, кеше «Астана» мұз сарайында 20 жекпе-жек өткен.

- Оның төртеуінде қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шықты. Барлығы жеңіске жетті. 60 келіде Қазбек Сапенов пен 49 салмақ дәрежесінде Василии Самчук те өз қарсыластарын техникалық нокаутпен сұлатып салды. 75 салмақ дәрежесінде Аман Қазанғапов та қоржынға жеңіс сыйлады. Ал, павлодарлық Аятолла Тәкенжанов корейлік қарсыласын екі рет нокдаунге жіберіп, ұпай бойынша таза жеңіске қол жеткізді, - деді Ғ. Кенжебаев.

Сондай-ақ, Ғ. Кенжебаевтың атап өткендей, бүгін тағы бес қазақстандық өз қарсыластарымен қолғап түйістіреді. Павлодарлық Серік Теміржанов ертең Үндістан елінен келген боксшымен шаршы алаңға көтеріледі.

Абзал Кабдраш

Фото:pavlodarnews.kz.


Следите за новостями zakon.kz в: