Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып кеткен азаматша ұсталды

Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ізін суытқан 43 жастағы азаматша ұсталды

Павлодарда полицейлер жол көлік оқиғасына қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы азаматшаны құрықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз орталығы хабарлады.

- Толстой көшесінің ауласында «Тойота Камри» көлігін тізгіндеген қала тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Абырой болғанда, қырағылық танытқан куәгерлер темір тұлпардың нөмірін жазып үлгерген. Жол көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айыпты азаматша 300 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін, - деп жазылған хабарламада.

Фото:newsoboz.org

Следите за новостями zakon.kz в: