Қазақстанда тәуелсіздік жылдары сәби өлім-жітімі 3 есеге төмендеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. «Қазақстанда тәуелсіздік жылдары диагностикалау мен нәрестенің бойындағы патологияларды ерте кезеңде анықтаудың заманауи тәсілдерін қолдану нәтижесінде сәби өлімін 1991 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ке дейін 3 есеге төмендеді», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, республикада күн сайын 1 мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3%-ға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 граммға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30%-ға өсіп, 60%-ға жуық көрсеткішті құрап отыр. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап жазады.
ДСӘДМ-де айтып өткендей, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдерін енгізуді есепке ала отырып елімізде стационарлық қызметті, тәжірибеге үнемді, қолжетімді, қарапайым, халықаралық технологиялардың дәлелді медицинасына негізделген тиімді перинаталды күтімді, балалық жас ауруларды біріктіріп қарастыруды нығайту мен жетілдіру шаралары басталды. Еліміздің барлық өңірлерінде тиімді перинаталды көмекті енгізу бойынша оқыту орталықтары жұмыс істеуде.
Перинаталды көмек көрсетуде бірегей тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам емханалық хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілді, сонымен бірге, медициналық қызметкерлер оқытылып, медициналық ЖОО-да оқу және жұмыс бағдарламалары өзгертілді.
Дамудың туабітті кемістіктерін уақытылы анықтау үшін генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жасалады. Перзентхана деңгейінде нәрестелердің есту қабілеті кемістіктерін анықтау бойынша скрининг енгізілген.
«Неонатальды хирургияның дамуына қарай 3 жылда ота жасалған нәрестелер көрсеткіші 50%-ға ұлғайып, хирургиялық патологиядан қайтыс болған нәрестелер көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 40%-ға төмендеді. Туабітті жүрек-қантамырлар жүйесі кемістігін түзету бойынша түбегейлі хирургиялық оталар сәтті жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Астана және Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарда нәрестелерге «ашық жүрекке» ота жасалуда, сонымен қатар, жүрек кемістігін интервенциалды, аз инвазивті тәслдермен түзету шаралары іске асырылуда», - дейді министрлікте.
Айта кету керек, ана мен сәби денсаулығы еліміздің демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс әлеуетінің негізін қалыптастырады.
Фото:khabar.kz