Ертіс ауданында қайықтан құлаған 54 және 52 жастағы екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
- Ер азаматтар отырған моторлы қайық су бөгеті аумағында ағашқа соғылып, аударылып қалған. Суда көмеккке шақырған адамдарды куәгер көріп қалып, № 21 кезекші бөлімшесіне хабарласқан. Дереу құтқарушы Геннадий Пятакпен бірге моторлы қайыққа отырып, оқиға орнына жеттік. Әбден қалжырай бастаған зардап шегушілерді сағат 17.47 минутта жағаға алып шығып, ыстық шай бердік. Абырой болғанда, балықшыларға медициналық көмек көрсетудің қажеті болмады, - дейді облыстық ТЖД № 9 жедел құтқару бөлімшесінің жетекшісі Александр Печерный.
Фото:pavlodarnews.kz.