Жер кодексіне енгізілген бірқатар өзгеріске мораторий жариялануы қоғамдағы тұрақтылықты бекемдейді. «Халықтар бірлігі» қоғамдық қорының жетекшісі Зиябек Қабылдинов осылай дейді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының шешімі уақтылы қабылданды. Енді халық жердің жалға берілмейтінін және сатылмайтынын түсінуі керек.
Зиябек Қабылдинов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Елбасы біздің Парламентке және үкіметтік емес ұйымдарға, халыққа, қоғамға «осы проблеманы бір жылдай талқылаңыздар, қандай нәтижеге келесіздер, сол кезде шешім қабылдауға болады» деп айтты. Ол – қуанатын хабар. Сондықтан ол біздің ұлттың бірлігіне, амандығына, татулығына шақырады, соған алып келеді деп ойлаймын.
Фото:erkindik.kz