ҚР ДСӘДМ ауылдарда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін түсіндіреді

Жұмыс топтарымыз құрылады және олар осы бағыт бойынша жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өзіміздің Жол картамызды кеңейтеміз», - деді Т.Дүйсенова.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі аудандар мен облыстарда міндетті медициналық сақтандыру ережелерімен таныстыратын жұмыс топтарын құрады, деп мәлімдеді ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге сапары барысында. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Біз міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы Жол картасын дайындадық. Оның барлығы Мемлекет басшысы барша азаматтарға осы сақтандыруды түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма беруіне орай жасалды», - деді ол.

Министр өз сөзінде ендігі күні түсіндіру бойынша жұмыстар мекен-жайлы жүргізілетіндігін айтты, яғни обыс, аудан және ауыл деңгейлерінде.

«Егер бұрындары біз ҮЕҰ, қоғамдық ұйымдармен, медициналық ұйымдармен жұмыс жасаған болсақ, қазір біз мекен-жайлы баратын боламыз, яғни облыстық, аудандық және ауылдық деңгейде. Біздің жұмыс топтарымыз құрылады және олар осы бағыт бойынша жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өзіміздің Жол картамызды кеңейтеміз», - деді Т.Дүйсенова.

Сонымен бірге, ведомство басшысы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мораторий Қазақстанның халқымен пәтуа табу үшін жасалғандығын айтып өтті.

«Кеше Елбасы хабарлаған мораториді халықаралық тәжірибе деп айтқым келеді. Бұл инвестиция тарту үшін жер учаскелерін жалға беруге мүмкіндік, сонымен қатар жер қорларын дұрыс қолдануға да. Бұл кез-келген мемлекеттің байлығы», - деді ДСӘДМ басшысы.

Фото:www.almaty.tv

Следите за новостями zakon.kz в: