Павлодар облысында 9-мамыр күні Ақсу-Курчатов тас жолында 1994 жылғы азамат көлікті басқара алмай жол апатына ұшырады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов мәлім етті.
- Май ауданына қарасты Қызыл Еңбек бөлімшесінің маңында жас жігіт Ваз-21099 көлігін тізгіндей алмай, тас жолда аударылып қалған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған 1986 жылғы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық Көктөбе орталық ауруханасына жеткізілді, - деді Б. Жұманов.
Аудандық ауруханада мереке күні жол апатынан 30 жастағы азаматтың жеткізілгенін растады. Алайда науқастың денсаулығына қатысты қандай да бір ақпарат беруде бас тартты.
Абзал Қабдраш
Фото: verge.zp.ua