Павлодарда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен ІІІ республикалық турнирге іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы хабарлады.
-Дүбірлі додаға 24 балуан қатысып, олипиадалық жүйе бойынша сынға түсті. Жарысқа білікті төрешілер төрелік етті. Биылғы бәсеке екі салмақ дәрежесі бойынша (74 келіге дейін және 74 келіден жоғары) ұйымдастырылғандықтан, алты балуан жүлделі орындарға ие болды. Алайда республикалық сайысқа төрт балуан ғана барады. Үздік шыққандар мен қатысқандардың барлығы ақшалай сыйлықтармен марапатталды, - деді А. Тойшыбайұлы.
Жолдамаға ие болғандар мамыр айының 27-жұлдызында Астана қаласында өтетін ІІІ республикалық турнирде Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.
Фото:pavlodarnews.kz.