Алматыда лай көшкіні жүрді

Сағат 10:30-да Бостандық ауданының Алатау шағынауданында лай көшкіні жүрді. Көлемі – 2 мың текше метр.

Бүгін таңғы сағат 08:30-да Алматы қаласының Медеу ауданындағы «Луч» бақша қоғамында лай көшкіні болды, деп жазады 24.kz арнасы, ҚР ІІМ ТЖК берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің күшімен жолдар тазартылды. Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Сағат 10:30-да Бостандық ауданының Алатау шағынауданында лай көшкіні жүрді. Көлемі – 2 мың текше метр. Салдарынан тұрғын үйдің екінші қабатының терезесіне зақым келген. Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Топырақтың ылғалдылығының артуына нөсер жаңбыр себеп.

М.Асылбек

Фото:yvision.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: