Қалалық Қоғамдық кеңес Алмалы ауданы әкімінің есебін тыңдады. Басқосуда ауданның былтырғы шығындары және 2016 жылдың бюджеті нақтыланды. Биыл ауданның қажеттілігіне жергілікті қазынадан 3 миллиард 88 миллион теңге қарастырылған, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Аудан әкімі өзінің есебінде атқарылған жұмыстарды да тізіп шықты. Ол мектепке дейінгі білім беру нысандары мәселелері, әлеуметтік қызметкерлер жалақысы және ағаш отырғызу науқаны, сондай-ақ Сайран көлінің демалыс маусымына дайындығы туралы мәліметтерімен бөлісті. Бұдан бөлек, Қоғамдық кеңес мүшелері қаржыны үнемдеу мақсатында аудан әкіміне бірнеше ұсыныс жасады. Атап айтсақ, қоғамдық орындарда биодәретхана орнату, жаяу жүргіншілер жолын дұрыстау, ағаштарды зиянкестерден залалсыздандыру жұмыстары бойынша және пәтер иелері кооперативтері мен аула жұмыстары жөнінде ұсыныстар айтты. Тараптар осындай жиындар арқасында жергілікті бюджеттен жұмсалатын қаржыны оңтайландыруға болатынын айтып отыр.
"Алмалы ауданының әкімі 2015 жылы атқарылған бюджеттік жұмыстар бойынша және 2016 жылға жоспарланған қаржы бойынша мәлімет береді. Сонымен қатар, Сайран өзенінің тазалығы, көгалдандыру, арықтар тазалығы бойынша сұрақтарға жауап алдық. Бұдан бөлек, мектепке дейінгі орындардың құрылысы, әлеуметтік мәселелер бойынша қанша қаражат бөлінгенін және оның қалай жұмсалып жатқанын анықтадық",- деді Жергілікті мемлекеттік құқық және өзін-өзі басқару жөніндегі комиссия төрайымы Анна Данилина.
Фото:vse.kz