Қазақстан Республикасының елшісі Мексиканың президентіне сенім грамоталарын табыс етті

Мексика мемлекетінің басшысымен жүздесу барысында Қазақстандық дипломат, екі ел арасындағы ынтымастықтың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Андриан Елемесов Мексиканың Президенті Энрике Пенья Ньетоға сенім грамоталарын табыс етті. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мексика мемлекетінің басшысымен сұхбат барысында қазақстандық дипломат екіжақты қатынастардың одан әрі дамуының келешектерін талқылап, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, туристік әлеуетін дамыту, сауда-экономикалық ынтымастықтың арттыруының және Қазақстанды Мексиканың Электронды визалар жүйесіне қосуының маңыздылығын атап өтті.

Ол мексикандық тараптың 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасына қолдау көрсеткеніне алғысын білдіріп, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне Мексиканың қатысу, екі ел арасында жоғары деңгейде байланысты жандандыру мәселелерін қозғады.

Э. Пенья Ньето мексикандық тараптың Қазақстан мен Мексика арасындағы қатынастарының жан-жақты дамуына қызығушылық пен дайын екендігін танытты.

Фото:www.mfa.kz

Следите за новостями zakon.kz в: