Павлодарлық оқушы Мәскеу қаласынан алтын медаль әкелді

Павлодарлық Аружан Нәжмиден әділ-қазыларға жай санды табу формуласы тақырыбыныда ғылыми жұмысын ұсынған болатын.

Павлодарлық оқушы Мәскеу қаласынан алтын медаль әкелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мәлім етті.

- 2016 жылдың 30 сәуір мен 4 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өткізілген Х «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми конкурсына Ресей, Болгария, Беларусь және Қазақстан елдерінің 250-ге жуық өкілі қатысты. Біздің облыстан аталмыш шараға дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған №3 гимназия және дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінен алты оқушы қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы Аружан Нәжмиден алтын медальға ие болды. Ал, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10,11 сынып оқушылары Әутәліп Хасенов пен Әдина Алдабергенова үшінші орын алды, - деді ақпараттық-баспа қызметі зерханасының меңгерушісі Жұлдыз Абаильдинова.

Павлодарлық Аружан Нәжмиден әділ-қазыларға жай санды табу формуласы тақырыбыныда ғылыми жұмысын ұсынған болатын. Жалпы аталмыш тақырыптағы жұмысын ол бір жыл бұрын бастапты. Халықаралық сайыста жеткен жетістігі арқасында, лицей оқушысы ҰБТ тапсырудан босатылады. Айта кетерлігі, соңғы 10 жылда павлодарлық оқушылар 14 медальмен марапатталды. Оның екеуі - алтын, жетеуі - күміс және бесеуі -қола. Енді қоржынға үш медаль қосылды.

Фото:pavlodarnews.kz.

Следите за новостями zakon.kz в: