Қарағандыда жаңа турбогенератор іске қосылды

Инновациялық жоба құны – 185 миллион АҚШ долларын құрайды. Жаңа турбина сағатына 115 мегаватт тоқ көзін және 180 гигакалория жылу өндіреді.

Қарағандыдағы № 3 жылу электр орталығында жаңа турбогенератор іске қосылды. Осылайша сағатына 110 мегаватт тоқ көзін және 180 гига-колория жылу өндіретін турбина келешекте қаладағы энергия тапшылығын азайтуға мүмкіндік бермек. Құны 185 миллион доллар болатын ірі жобаның басым бөлігін «Қазақстанның даму Банкі» қаржыландырып отыр, деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

Өндірісі өрге басқан кенді өлкеде электр қуатының тапшылығы орташа есеппен 350 мегаватты құрайды. Жүздеген зауыт-фабрикалар мен жыл сайын салынып жатқан тұрғын үйлерді тоқ көзімен қамтамасыз ету үшін қаладағы жылу электр орталығының қуаты жетпейтін. Осыған орай, қосымша турбогенератор салу ісі 4 жыл бұрын қолға алынған еді.

Айжан Битебаева, «Қазақстан даму банкі» АҚ бас банкирі

-«Қазақстанның даму банкі» 2012 жылы 200 миллион доллар көлемінде несие желісін ашу жөнінде келісімшартқа қол қойған болатын. Осы құжат аясында қажетті қаржы мен банк кепілдігі беріліп, міне, 4 жылдан соң жоба сәтті жүзеге асты.

Инновациялық жоба құны – 185 миллион АҚШ долларын құрайды. Жаңа турбина сағатына 115 мегаватт тоқ көзін және 180 гигакалория жылу өндіреді. «Бұл – Қарағанды өңірі үшін аса тиімді жоба», – дейді облыс әкімі.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, облыс әкімі

-Бұл жаңадан қосылып жатқан энергоблок бізге әрі қарай шағын және орта бизнесті, ірі бизнесті дамытуға жаңа мүмкіншілік туғызып жатыр. Өйткені осы станцияның жанындағы арнайы экономикалық зонада жаңадан салынатын ірі зауыттарға электр қуатын жіберуге мүмкіндік бар.

Жаңа жоба 55 адамды еңбекпен қамтып отыр. Сала мамандарының айтуынша, 2020 жылға дейін орталықта тағы да бір, яғни 7-ші турбогенераторды салу жоспарда.

Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игліков, Әсет Асайынов

Фото: bnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: