2017 жылы 170 МЖС жобасын жүзеге асыру жоспарланған - А.Көбетов

Zakon.kz
Республикалық деңгейде жол, денсаулық сақтау, білім беру, пенитенциарлық жүйе саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

2017 жылы «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ 170 МЖС жобасын жүзеге асыруды бастауды көздеп отыр, деп мәлімдеді «Қала қалдықтарын басқару саласында МЖС енгізу проблемалары мен мүмкіндіктері» атты семинар-кеңес барысында компанияның вице-президенті Айдос Көбетов. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп жазады.

«Жоспарланған жобалар бүгінде 162 - өңірлер бойынша және 8 республикалық жоба. Біз оларды жүзеге асыру келесі жылдан басталуы тиіс деп отырмыз», - деді А.Көбетов.

Оның айтуынша, республикалық деңгейде жол, денсаулық сақтау, білім беру, пенитенциарлық жүйе саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

«Жалпы, жүзеге асырылған жобалардан бізде Шығыс Қазақстан облысында 11 балабақша. Келісімге қол қойылып, біз құрылыстың бірінші айналымын бастадық. Және 3 жоба - республикалық - жол, электр энергетикасы және азаматтық авиация саласында», - деді компания басшысының орынбасары.

Фото:newskaz.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Долевые махинации: Россия выдала Казахстану иностранку, лишившую алматинцев миллиардов тенге

Изменения в продолжительности дня на планете заметили ученые

Морозы до 35 градусов придут в Казахстан

Любовь Успенская празднует очередную победу в суде

Один из богатейших азербайджанцев рассказал о лучшем подарке