Шымкентте белгісіз суретшілер Бауыржан Момышұлының бейнесін салды

Қабырғадағы батырдың суретінің жанына «Өршіл рухтан өлмес ерлік туады» деген рухты сөзі де жазылған.

Шымкент көшелерінің біріндегі биік қабырғада Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының бейнесі пайда болды. Патриоттық рух беретін стрит-арт стиліндегі дүниені жергілікті қылқалам шеберлері салған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Суретшілер осымен үшінші жыл бұл қабырғаға патриоттық рухтағы суреттерді бейнелеп келеді. Алайда, туындының авторлары өздерін насихаттаудан бас тартады. Өйткені олар билік айыппұл сала ма деп қорыққан.

Ал жергілікті әкімдік көше суретшілерін үш жылдан бері ешкім іздемегенін, егер туындылары патриоттық сипатта болса, ешкім айыппұл салмайтынын айтып отыр.

Суреттің ұзындығы - 12, ені 4 метрді алып тұр. Қабырғадағы батырдың суретінің жанына «Өршіл рухтан өлмес ерлік туады» деген рухты сөзі де жазылған. Суретшілер өткен жылы жеңістің 70 жылдығында Рақымжан Қошқарбаевтың рейхстагқа ту тігіп жатқан сәтін салған екен. Одан бұрын қабырғаға қазақтың қос батыр қызының бірі Әлия Молдағұлованың суретін бейнелеген.

Фото:otyrar.kz.

Следите за новостями zakon.kz в: