Зика вирусы Бейжіңге жетті

Науқастың Зика вирусына шалдыққандығы бірден байқалып, ауруханаға жатқызылған.

Бейжіңде Зика вирусын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Қауіпті вирусты жұқтырған қытайлық әйел жуырда Венесуэладан оралған екен, деп хабарлайды 24.kz арнасы, ТАСС агенттігінің берген ақпаратына сілтеме жасап.

Науқастың Зика вирусына шалдыққандығы бірден байқалып, ауруханаға жатқызылған. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қытайдың Гуандун провинциясында Латын Америкасына барып келген 12 адамның Зика вирусын жұқтырғандығы анықталды. Г.Абилова

Фото: regnum.ru

Следите за новостями zakon.kz в: