Биыл Алматыда 8 шақырым су құбыры жаңартылады

Zakon.kz
Тұрғындарға жөндеу жұмыстары жүргізілер алдында ескерту жасалады.

Биыл Алматыда 8 шақырым ауыз су құбыры жаңартылады. Қазіргі таңда жөндеу маусымына дайындық пысықталуда. Жұмыстарының басым бөлігі Түрксіб және Алмалы аудандарында жүргізіледі. Сондай-ақ құбыр жүйелері Бостандық және Жетісу аудандарында да жөнделеді. Ал, жөндеу жұмыстары кезінде халық ауыз сусыз қалмайды. Бұл туралы«Алматы су холдингі» мекемесі мәлімдеді, деп жазады Алматы теларнасы.

Тұрғындарды сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл Алматы қаласы әкімдігінде осындай шешім қабылданған. Су құбырларынан бөлек, қысым өлшегіштер мен ұңғымалар да жаңартылады. Жөндеу жұмыстары қазан айына дейін жалғаспақ. Айта кетейік, су құбырларын жөндеу жұмыстарының басым бөлігі Анасов көшесінде, Бөгенбай батыр мен Чайковский көшелері қиылысында және Ярославская көшесі бойымен, Якубов және Жангельдин көшесіне дейін жаңартылады. Айта кетейік, 2009-2015 жылдар аралығында «Алматы су холдингі» кәсіпорны өз қаражатынан 100 шақырым су желілерін тартып, қолданысқа берген.

"Оның ішінде үлкен диаметрлі су құбырлары және тозы жеткен тағы да 7-8 шақырым су құбыры ауыстырылады. Жұмыстар өткізілген уақытта тұтынушылар және осы көшелерде орналасқан үйлер сумен толығымен қамтамасыз етіледі. Су тоқтатылмайды",- деді «Алматы су холдингі» МКК ресми өкілі Серік Шіәгіров.

Тұрғындарға жөндеу жұмыстары жүргізілер алдында ескерту жасалады. Сондықтан қолайсыздық туғызбайды деп санайды коммуналдық мекеме мамандары.

Фото:almaty.tv

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Долевые махинации: Россия выдала Казахстану иностранку, лишившую алматинцев миллиардов тенге

Изменения в продолжительности дня на планете заметили ученые

Морозы до 35 градусов придут в Казахстан

Любовь Успенская празднует очередную победу в суде

Один из богатейших азербайджанцев рассказал о лучшем подарке