«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станция желісі 17 мамыр күні сағат 06:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады 24.kz арнасы.
Тербеліс эпиорталығы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 390 шақырым жерде Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,8 болса, MPV магнитудасы – 4.5, ал тереңдігі – 10 шақырым.
Жерасты дүмпулерінің сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.
Фото: ustinka.kz