Алдағы тәуліктерде елімізде қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді

Синоптиктер 17-19 мамырға арналған ау райы болжамын жариялады.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, кей жерлерде сулы қар туындатқан суық атмосфералық ағын солтүстік облыстардан оңтүстік-шығысқа қарай жылжып келеді, деп жазады Алматы телеарнасы.

Алдағы тәуліктерде осы ағындарға байланысты республиканың орталық аудандарына жауын жауады. Шығыста екі тәулік бойы арты қар аралас жаңбырға ұласады. Сондай-ақ суық фронттың өтуіне қарай Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аудандарының оңтүстік-шығысында қатты жауын күтілуде.

Ал, республиканың солтүстік аудандарына Батыс Сібір аумағынан суық антициклон жылжып келеді. Соған байланысты ол жерлерде түнгі уақытта үсік сақталып, ол облыстың орталығы мен шығысына жайылатын болады. Сондықтан алдағы үш тәулікте осы облыстардағы температура әдеттегіден 2-6º төмен болады.

Фото:almaty.tv

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: