Полицейді басымен ұрған ақмолалық жауапқа тартылды

Сотта ер адам бәрі кездейсоқ болғанын, жай ғана сүрініп кеткенін айтып ақталды.

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты полицейді басымен ұрған М. есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды BNews.kz.

Келеңсіз оқиға биыл қаңтар айында болған. «Державинскте түнгі он жарымдар шамасында тәртіп сақшысы 1983 жылғы ер адам мінген көлікті тоқтатады. Жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізіп келе жатқан. Медициналық куәландырудан өтуді талап еткен полицейдің бетінен М. есімді азамат басымен ұрған», - дейді Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Күләш Домалақова.

Сотта ер адам бәрі кездейсоқ болғанын, жай ғана сүрініп кеткенін айтып ақталды.

"Жарқайың аудандық соты ҚР ҚК 380-бабы, 1-тармағында (билік өкіліне күш қолдану) қарастырылған заң бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп таныды. Сот үкімімен оған 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді. Сондай-ақ ол 240 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады",- деп толықтырды баспасөз қызметінің жетекшісі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото:gazeta.caravan.kz

Следите за новостями zakon.kz в: