Орнитологиялық туризм Алматы облысында енді ғана дамып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
«Аудан аумағында 1998 жылдың 5 сәуірінде ашылған Алакөл қорығы орналасқан. Қорық аумағына Алакөл көлдерінің сулы-батпақты жерлері, Сасықкөл акваториясы, Аралтөбе және Шұбартүбек аралдары кіреді. Алакөл ауданында «Алакөл қанаты» атты көктемгі экофестиваль төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл облыстағы ішкі туризмнің дамуына септігін тигізеді», - деп хабарлады Алматы облысы бойынша туризм басқармасынан.
Республикалық фестивальға қатысқан 50 бердвочер үш күн бойы құстардың 60-тан асқан түрін көріп қана қоймай, оларды таспаға түсіріп алды.
Фото: tr-kazakhstan.kz