Ақтөбеде 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген ауданаралық жолдар ретке келтіріледі

Zakon.kz
Хромтау, Алға, Қобда, Ырғыз, Мұғалжар және Шалқар аудандарындағы тасжолдар мен көпірлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Биыл өңірдегі жол құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 7,4 миллиард теңге бөлініп отыр. Қаржының басым бөлігі ауданаралық жолдарға жұмсалмақ. Атап айтқанда, «Ақтөбе-Атырау» жолы қайта салынады, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.

Хромтау, Алға, Қобда, Ырғыз, Мұғалжар және Шалқар аудандарындағы тасжолдар мен көпірлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса, облыс орталығы мен оған жақын ауылдық округтердегі 20 көше де жөнделмек.

Тағы бір маңыздысы Ақтөбе қаласын оңтүстік бағытта айналып өтетін жолдың 21 шақырымы қайта салынады екен.

Асқар Есжанов, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

-5 миллиардтай ақша бөлінді. Оның бәрі – облыстық маңызы бар жолдар. «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық», «Ойыл-Қобда-Соль Илецк», «Хромтау-Батамша» жолдары күрделі жөндеумен қамтылады. Жалпы аудандық маңызы бар жолдары 30 жылдай күрделі жөндеу көрмеген.

Фото:www.arnapress.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Лиза Арзамасова и Илья Авербух впервые показали лицо маленькой дочери

Екатерина Ковальчук похвасталась подарком от Гарика Харламова

Эмин Агаларов поделился подробностями личной жизни

Казахстанцев заставляют платить несуществующий "штраф"

Кристина Асмус и дочь Гарика Харламова встретили Новый год на Мальдивах