Президенттің Жарлығымен О.Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі берілді.

Президенттің Жарлығымен жазушы О.Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.

«О.О.Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлық

Қаулы етемiн:

1. Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 17 мамыр

№ 263

Фото:times.kz

Следите за новостями zakon.kz в: