Павлодарда Гагарин көшесінде «Ниссан» автокөлігі жоғары жылдамдықпен «Мерседеске» соғылып, жол көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы азаматша аурухана жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Агенттікке облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты бүгін түнде орын алған. Оқыс оқиғаға айыпты «Ниссан» көлігін тізгіндеген мас жүргізуші қарсы бағытқа шығып кеткен. Зардап шегуші – «Мерседес» жүргізушісі.
- Қазіргі таңда жол апаты бойынша тексеріс жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, мас жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жауап беруге тура келеді. Бұл – мас күйінде көлік жүргізу, жол жүру ережесін бұзу, қарсы бағытқа шығу, денсаулыққа зиян келтіру (сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан белгілі болады). Егер де азаматшаның денсаулығына орта дәрежелі зиян келсе, іс ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша - қылмыстық, ал жеңіл дәрежедегі түрі ҚР ӘҚБК-нің 610-бабы бойынша - әкімшілік деп танылады, - деді облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов.
Фото:autokadabra.ru