Қарағанды облысы Кеңгір кентінде қоқыс жәшігінен табылған жаңа туылған нәрестенің анасы анықталды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға облыстық ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
"Сәбидің анасы табылды, жасы 18-де. Басқа мәліметтерді әзірге хабарлай алмаймын", — деді агенттікке хабарлаушы телефон арқылы.
Еске сала кетейік, нәресте тұрғын үйдің маңындағы қоқыс контейнерінен 17 мамырда табылған. Баланы ауыл тұрғындары жергілікті медициналық мекемеге жеткізген. Оқиға ҚР ҚК 24-бабы 99-бөлігі бойынша бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне енгізілді.
Жезқазған балалар үйінің балалар бөлімінен хабарлағандай, қоқыс жәшігінен табылған жынысы ұл бала мерзімі жетпей, шамамен 23-24 аптада туылған. Жезқазған балалар үйінің балалар бөлімі меңгерушісі Қаукен Жақсыкелдінованың мәліметінше, баланың жағдайы тыныс алу жеткіліксіздігінен өте ауыр болып қалуда. Ол сәбидің қатты тоңып қалуы осы жағдайға себеп болғанын атап айтты.
Фото:newskaz.kz