Альварес титулдан бас тартқаннан кейін Головкин WBC чемпионы атанды. Бұл туралы 24.kz арнасы, Vesti.kz таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес WBC титулын босатқан соң орта салмақ дәрежесіндегі WBA (Super), IBO, IBF тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин аталған титулға иелік етті. Golden Boy Promotions Альварестің WBC титулынан бас тартуы туралы шешімге келген. Бұл туралы Дүниежүзілік бокс одағы Golden Boy Promotions-тен ресми растама алып отыр. Осылайша Геннадий Головкин орта салмақта WBC тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Фото:365info.kz