Астанада Дүниежүзілік кеден ұйымының еуропалық өңірінің кедендік қызметтері басшыларының конференциясы жұмысын бастады. Шараға 50 елдің кеден саласының басшылары қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Шара қатысушыларына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов үндеу жолдады. Оның үндеуін бірінші вице-перемьер Бақытжан Сағынтаев оқып берді.
«21 ғасыр - жоғары жылдамдықтардың ғасыры. Адамдар, тауарлар, қызметтер мен ақпараттар өте жылдам қозғалуда. Барша әлемде сақталып отырған мәліметтердің 90 пайызы тек екі жылда құралды. Бүгінде біз баршамыз сандық дәуірге ауысудың куәгеріміз. Бұл тренд өмірдегі барлық салалаларды қамтып отыр»,-дейді Үкімет басшысы.
Ол өз көзінде кеден қызметі сыртқы экономикалық қызметтің жүйе құраушы элементі болып табылатынын және әр елдің экономикалық дамуында стратегиялық рөлді атқаратынын атап өтті. Осы ретте кеден органдары арасында ақпарат алмасу бұл саладағы ілгерілеудің негізгі факторы болып отыр. Бұл тұрғыда Дүниежүзілік кеден ұйымы осы үдерісте көшбасшы рөлде.
К.Мәсімов Қазақстан халықаралық сауданың нормалары мен ережелерін жетілдіруде белсенді қатысып отырғанын, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі бола отырып, сауданың қауіпсіздігі мен оны жеңілдетуге ерекше мән беріп отырғанын жеткізді.
Сөз соңында Премьер-Министр Қазақстан өзінің транзиттік әлеуеттін белсенді түрде арттырып келе жатқанын және сауда қатынастарын нығайтуға ұмтылып отырғандығын атап өтті.
Руслан Ғаббасов
Фото:www.millioner.kz