Облыс аумағында орналасқан 41 су қоймасына судың жиналу көлемі 85-90% құрайды. Барлық су қоймасы транзиттік режимге өткізілген, деп хабарлайды otyrar.kz.
Ал су басу қаупі бар Жабағылы, Машат, Жігергенсай, Балдыберек, Бадам, Қаржансай, Өгем, Қарашық, Баялдыр, Арыс, Келес, Сайрам-су өзендерінде су деңгейін және ағысын анықтайтын тұрақты 43 және 2 уақытша гидробекет жұмыс жасап жатыр.
Ондағы мамандар су көздеріндегі деңгейге күнделікті мониторинг жасауда. Бүгінгі таңда нақты су ағысы орта деңгейден төмен дейді мамандар.
Фото:otyrar.kz.