Жергілікті бюджетте кәсіптік-техникалық колледждерде техникалық базаны жаңартуға 993 млн теңге қарастырылған, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
«Шеберлік колледждерді заманауи құрал-жабқытармен қамту қарастырылған, ол білім беру мен колледжің дамуына зор үлес қосады. Бұл проблеманы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жобасы арқылы Дүниежүзілік банк есебінен шешуді жоспарлап отырмыз. Бұл жоба бойынша 64 колледждің оқыту-өндірістік шеберханаларын заманауи құрал-жабдықпен қамту жоспарланған», - деді Е.Сағадиев «2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында тегін техникалық және кәсіби білім беруді енгізу тетіктері туралы» дөңгелек үстел барысында.
«Мемлекеттік бағдарлама іс-шараларының жоспарында осы мақсаттарға жергілікті бюджет қаражатынан 993 млн теңге қарастырылған», - деп мәлімдеді ҚР БҒМ басшысы.
Фото:www.matritca.kz