Қостанай облысында ірі жол апаты орын алды

Қазір жол апатының себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Қостанай – Федоров бағытындағы жолда, Шеминов селосы тұсында екі жеңіл машина соғысып қалды. Екі көліктің де жүргізушілері қаза тапты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Hyundai маркалы машинаны Ресейдегі Пенза облысының 46 жастағы азаматы жүргізіп келе жатқан. «ВАЗ 2108» машинасында Шеминов селосынан шамалы жерде жатқан Озерное селосының 38 жастағы тұрғыны отыр екен.

Облыстық ішкі істер департмаменті жергілікті полициясының инспекторы, майор Юрий Панасенко: «ВАЗ 2108» машинасы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал Hyundai көлігінің жүргізушісі Қостанай облыстық ауруханасына апара жатқанда «жедел жәрдем» машинасында үзілді», – деді.

Жол апатынан зардап шеккен ВАЗ 2108» машинасының екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 1975 жылы туған әйел, екіншісі 1998 жылы туған жасөспірім. Қазір жол апатының себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Нәзира Жәрімбетова

Фото:egemen.kz


Следите за новостями zakon.kz в: