Алматы облысында ҰБТ арнайы жабдықталған 15 пункте өтеді

Zakon.kz
Тест өтетін орындардың барлығы қажетті жабдық және аппаратурамен жабдықталды, ал мамандар тиісті нұсқаудан өтті.

Жетісулық түлектер өміріндегі ең маңызды сынаққа – Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып жатыр. Оқушылардың он бір жылдық білімін тексеретін тест арнайы жабдықталған 15 пункте өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Оның 14-і аудандық және қалалық жалпы білім беру мектептерінде орналасқан. Біреуі – Талдықорғандағы Жетісу мемлекеттік университетінде. Барлық пункте мемлекеттік комиссия құрылған, ҰБТ-ны өткізу үшін қолайлы жағдай жасалуда. Тест өтетін орындардың барлығы қажетті жабдық және аппаратурамен жабдықталды, ал мамандар тиісті нұсқаудан өтті», - деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Л.Базарқұлова.

Биыл өңірде 13 мыңнан аса түлек мектепті тәмамдайды. ҰБТ-ға қатысуға әзірге 9056 оқушы өтініш берді, бұл пайыздық қатынаста алғанда түлектердің жалпы санының 67,9 пайызы.

Естеріңізге салып өтсек, биыл білім саласына жаңашылдық енгізілді – шекті 50 балдық межеден өте алмаған түлектер тесті екінші рет тапсыра алады. Қайта тапсыру құны – 2242 теңге.

Фото:mazhab.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Казахстанцев заставляют платить несуществующий "штраф"

В семье Дмитрия Маликова отмечают важную дату

12 судей лишатся должностей в Казахстане

Лиза Арзамасова и Илья Авербух впервые показали лицо маленькой дочери

Отдых молодой жены Игоря Николаева спровоцировал новые слухи