Америкалық Диснейлэндке 22 жыл бұрынғы билетімен кірді

Disneyland әкімшілігі билет өз құнын жоғалтпағандығын мәлім етіп, оның жаңасын қызға табыс етеді де қызды ойын-сауық орталығына кіргізеді.

27 жастағы америкалық Челси Хёрлайн (Chealsea Herline) АҚШ-тың Флорида штатындағы Disney World ойын-сауық паркіне1994 жылы сыйға берілген билетпен кірді, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА, Upworthy басылымы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.

Ойын-сауық орталығының әкімшілігі қыздың төрт жасында ауырып қалып толық пайдалана алмаған билетін жарамды деп тапты.

Челсиге төрт жасында әкесі Disneyland паркіне төрт күндік билет сатып әпереді. Алайда, қыз ауырып қалып билеттің соңғы күні пайдаланылмайды. Арада 22 жыл өткен соң Челсидің әкесі сейфте сақталған билетті тауып алып, атақты парк орналасқан Орландоға бара жатқан қызына береді.

Қыз паркке келгенде билет тексерушілер ескі билетті көріп таң қалады. Алайда, Disneyland әкімшілігі билет өз құнын жоғалтпағандығын мәлім етіп, оның жаңасын қызға табыс етеді де қызды ойын-сауық орталығына кіргізеді.

Фото: kaztv.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в: