«Жарылғыш зат қойылды» деп жалған хабарлаған тұрғын екі жылға бас бостандығынан айырылды

Сот отырысында Р.Хұсайынов өз кінәсін толық мойындады.

Оралда «жарылғыш зат қойылды» деп жалған хабарлаған тұрғын екі жылға бас бостандығынан айырылды. Орал қалалық сотының үкімімен Р.Хұсайынов ҚР ҚК 273-бабы (лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА жазды.

Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, биылғы сәуір айының ортасында аталған тұрғын мас күйінде өзінің ұялы телефонынан «102» операторына Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөліміне жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған. Тиісті қызметтер тексерген кезде ол хабар жалған болып шыққан.

Сот отырысында Р.Хұсайынов өз кінәсін толық мойындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Елжан Ералы

Фото: news.bigmir.net

Следите за новостями zakon.kz в: