Шардара ауданында тағы бір қайғылы оқиға орын алды. 21 мамыр күні кешке Сырдария өзеніне 12 жастағы жасөспірім батып кеткен, деп жазады otyrar.kz.
Суыт хабар облыстық төтенше жағдай департаментінің апатты-құтқару жасағының кезекшісіне сол күні кешкі сағат 19:10-да келіп түскен. Құтқарушылар көрсетілген мекенжайға шұғыл аттанады.
Араға бір сағат салып көмекке келген сүңгуірлер суға түсіп, іздеуді бастап кетеді. Көп ұзамай суға кеткен жеткіншектің денесі судың тереңдігі 3 метр түбінен табылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: otyrar.kz.